Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

2020 жылғы 20 қарашада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 7 білім беру бағдарламасына Қазақстан Республикасы «KAZSEE Қазақстандық инженерлік білім беру ассоцициясы» агенттігі тарапынан мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтеді. Аккредиттеу рәсімі on-line режимінде жүргізіледі. Университет осы агенттікпен 2019 жылдан бері әріптестік қатынаста. Агенттік заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қоғамдық коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Аккредиттеу рәсімінің мақсаты – білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органы тарапынан жүргізілетін бағалау процесі. Дәлірек айтсақ, мамандандырылған аккредиттеу барысында университеттегі білім беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру, білім бағдарламаларының сапасы мен жалпы білім беру қызметінің мемлекеттік стандарттарға және нормативтерге сәйкестігі бағаланады.

Аккредиттеуден өтетін мамандықтар:

1. 6В05102-Биотехнология

2. 6В07105-Химиялық инжиниринг

3. 6В07106-Электроэнергетика

4. 6В07204-Пайдалы қазбаларды байыту

5. 6В07205-Мұнай-химия өндірісінің технологиясы

6. 6В07206-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

7. 6В07303-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

Білім бағдарламаларын бағалау отралығы