Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы

Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы

«Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»

проект приказа каз

проект приказа рус.

сравнительная-каз

сравнительная-рус

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы  31 наурыздағы № 128 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып  тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғаларға (бұдан әрі — үміткерлер) мынадай жағдайларда беріледі:

1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі.

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар үміткерлер үшін жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымдағы өтілі талап етілмейді;

2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша ғылыми мақалалар (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 5 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда тиісті  ғылыми мақалалар.

Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда  ғылыми мақалалар  ғылыми бағытқа сәйкес ескеріледі:

  • жаратылыстану ғылымдары бойынша 6 мақала (уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда қажетті мақалалар саны жетпесе 8 мақала) сұратылған мамандыққа сәйкес келетін бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартиліне кіретін журналда. Оның ішінде 1 мақалада  ізденуші  автор-корреспондент, бірінші автор немесе мақаладағы қаржыландыру туралы ақпарат бөлімінде  номірі бірінші болып көрсетілген ғылыми жобаның жетекшісі;
  • техника,  медицина және ауыл-шаруашыдық ғылымдары бойынша 4 мақала (уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда қажетті мақалалар саны жетпесе 6 мақала) сұратылған мамандыққа сәйкес келетін бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартиліне кіретін журналда; информатика және тіркелес мамандықтар бойынша GII-GRIN-SCIE рейтингінің деректері бойынша 1 және 2 класста тұрған конференциялар материалдары ескеріледі. Оның ішінде 1 мақалада  ізденуші  автор-корреспондент, бірінші автор немесе мақаладағы қаржыландыру туралы ақпарат бөлімінде номірі бірінші болып көрсетілген ғылыми жобаның жетекшісі;
  • әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдары бойынша 2 мақала (уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда қажетті мақалалар саны жетпесе 4 мақала) сұратылған мамандыққа сәйкес келетін бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасындағы немесе Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын журналдар жатады.

Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар көрсетілген базалардағы журналдардың тақырыптық бағытына сәйкес келеді және ағымдағы нөмірлерде жарияланады, тиісті деректер базасында «Article» (мақала) түрінде белгіленген. Бұл ретте мақала жарияланған кезде немесе ұйымнан ғылыми атақ беру туралы қолдау хат түскен мезгілде журнал Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша тиісті квартильге кіреді немесе Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) тиісті көрсеткішке ие болады. Ұйымның ғылыми атаққа ұсынысы түскен  кезде  көрсетілген базаларда индексациясы тоқтатылған журналдардағы мақалалар есептелінбейді.  Мақаланың мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 2-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес болады. Жарияланымның автор-корреспонденті немесе бірінші авторлары бірнеше болса, ол тізімде бірінші тұрған авторға саналады.

Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы мақалалар ретінде саналады.

Elsevier, Brill, CRC Press, DeGruyter, Edward Elgar Publishing, John Wiley & Sons, McGraw Hill, Palgrave Macmillan, Peter Lang, Prentice Hall, Routledge, Sage Publications, Springer Nature, Taylor and Francis, Wolters Kluwer, баспаларында  немесе US News Best Global Universities Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Ranking топ-100 рейтингісіне кіретін университеттерінің баспаларында шыққан кітаптар, монографиялар, олардың бөлімдері (1 баспа табақ көлемінен кем емес) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар ретінде есептелінеді. Бұл ретте олар әлеуметтік және гуманитарлық бағыт бойынша мақалалардың  50%  және басқа ғылымдар бойынша 30% алмастыра алады.

АҚШ, ЕК және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index базасына енгізілген патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте  олар ғылыми мақалалардың 20% алмастыра алады.

Қазақстан Республикасының және басқа елдердің патенттері уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы мақалалардың 20% алмастыра алады;

3) Ізденушінің басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 1 тұлға. Көрсетілген тұлғаға келесі санаттар теңестіріледі:

— монография (соңғы 5 жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 баспа табағы тиесілі, ғылыми дәрежесі бар тұлғана ұсынысы бар) республикатық бюджеттен гранттық немесе мақсатты-бағдарламалылық қаржыландыру аясында орындалған жобаның нәтижелері, ізденуші бұл жоба орындау барысында басынан соңына дейін ғылыми жетекші болған; бұл ретте жобаның немесе бағдарламаның номірі монографияда көрсетіледі;

—  Elsevier, Brill, CRC Press, DeGruyter, Edward Elgar Publishing, John Wiley & Sons, McGraw Hill, Palgrave Macmillan, Peter Lang, Prentice Hall, Routledge, Sage Publications, Springer Nature, Taylor and Francis, Wolters Kluwer, баспаларында  немесе US News Best Global Universities Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Ranking топ-100 рейтингісіне кіретін университеттерінің баспаларында шыққан жеке өзі жазған кітап, монография;

-жетекшілік еткен ғылыми жобаның немесе бағдарламаның нәтижелері бойынша  Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартиліне кіретін немесе  (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс) кіретін журналда мақала жариялау; бұл ретте мақаладағы қаржыландыру туралы ақпарат бөлімінде тиісті жобаның немесе бағдарламаның номірі бірінші болып көрсетілген;

— US News Best Global Universities Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Ranking топ-500 рейтингісіне кіретін шетелдік университетте кем дегенде 1 жыл шақырылған профессор ретінде жұмыс жасау;

— Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 квартилге кіретін журналға автор-корреспондент ретінде  шолу жариялау.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. 4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғаларға (бұдан әрі — үміткерлер) мынадай жағдайларда беріледі:

1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 8 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі.

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар үміткерлер үшін жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымдағы өтілі талап етілмейді;

2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша ғылыми мақалалар (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда тиісті  ғылыми мақалалар.

Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда  ғылыми мақалалар  ғылыми бағытқа сәйкес ескеріледі:

—        жаратылыстану ғылымдары бойынша 12 мақала (уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда қажетті мақалалар саны жетпесе 16 мақала) сұратылған мамандыққа сәйкес келетін бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартиліне кіретін журналда. Оның ішінде 1 мақалада  ізденуші  автор-корреспондент, бірінші автор немесе мақаладағы қаржыландыру туралы ақпарат бөлімінде  номірі бірінші болып көрсетілген ғылыми жобаның жетекшісі;

—        техника,  медицина және ауыл-шаруашыдық ғылымдары бойынша 8 мақала (уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда қажетті мақалалар саны жетпесе 12 мақала) сұратылған мамандыққа сәйкес келетін бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартиліне кіретін журналда; информатика және тіркелес мамандықтар бойынша GII-GRIN-SCIE рейтингінің деректері бойынша 1 және 2 класста тұрған конференциялар материалдары ескеріледі. Оның ішінде 1 мақалада  ізденуші  автор-корреспондент, бірінші автор немесе мақаладағы қаржыландыру туралы ақпарат бөлімінде номірі бірінші болып көрсетілген ғылыми жобаның жетекшісі;

—        әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдары бойынша 5 мақала (уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда қажетті мақалалар саны жетпесе 8 мақала) сұратылған мамандыққа сәйкес келетін бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасындағы немесе Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын журналдар жатады.

Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар көрсетілген базалардағы журналдардың тақырыптық бағытына сәйкес келеді және ағымдағы нөмірлерде жарияланады, тиісті деректер базасында «Article» (мақала) түрінде белгіленген. Бұл ретте мақала жарияланған кезде немесе ұйымнан ғылыми атақ беру туралы қолдау хат түскен мезгілде журнал Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша тиісті квартильге кіреді немесе Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) тиісті көрсеткішке ие болады. Ұйымның ғылыми атаққа ұсынысы түскен  кезде  көрсетілген базаларда индексациясы тоқтатылған журналдардағы мақалалар есептелінбейді.  Мақаланың мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 2-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес болады. Жарияланымның автор-корреспонденті немесе бірінші авторлары бірнеше болса, ол тізімде бірінші тұрған авторға саналады.

Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы мақалалар ретінде саналады.

Elsevier, Brill, CRC Press, DeGruyter, Edward Elgar Publishing, John Wiley & Sons, McGraw Hill, Palgrave Macmillan, Peter Lang, Prentice Hall, Routledge, Sage Publications, Springer Nature, Taylor and Francis, Wolters Kluwer, баспаларында  немесе US News Best Global Universities Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Ranking топ-100 рейтингісіне кіретін университеттерінің баспаларында шыққан кітаптар, монографиялар, олардың бөлімдері (1 баспа табақ көлемінен кем емес) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар ретінде есептелінеді. Бұл ретте олар әлеуметтік және гуманитарлық бағыт бойынша мақалалардың  50%  және басқа ғылымдар бойынша 30% алмастыра алады.

АҚШ, ЕК және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index базасына енгізілген патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте  олар ғылыми мақалалардың 20% алмастыра алады.

Қазақстан Республикасының және басқа елдердің патенттері уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы мақалалардың 20% алмастыра алады;

3) Ізденушінің басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 4 тұлға. Көрсетілген тұлғаға келесі санаттар теңестіріледі:

— монография (соңғы 5 жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 баспа табағы тиесілі, ғылыми дәрежесі бар тұлғана ұсынысы бар) республикатық бюджеттен гранттық немесе мақсатты-бағдарламалылық қаржыландыру аясында орындалған жобаның нәтижелері, ізденуші бұл жоба орындау барысында басынан соңына дейін ғылыми жетекші болған; бұл ретте жобаның немесе бағдарламаның номірі монографияда көрсетіледі;

—  Elsevier, Brill, CRC Press, DeGruyter, Edward Elgar Publishing, John Wiley & Sons, McGraw Hill, Palgrave Macmillan, Peter Lang, Prentice Hall, Routledge, Sage Publications, Springer Nature, Taylor and Francis, Wolters Kluwer, баспаларында  немесе US News Best Global Universities Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Ranking топ-100 рейтингісіне кіретін университеттерінің баспаларында шыққан жеке өзі жазған кітап, монография;

— жетекшілік еткен ғылыми жобаның немесе бағдарламаның нәтижелері бойынша  Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартиліне кіретін немесе  (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс) кіретін журналда мақала жариялау; бұл ретте мақаладағы қаржыландыру туралы ақпарат бөлімінде тиісті жобаның немесе бағдарламанығ номірі бірінші болып көрсетілген;

— US News Best Global Universities Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Ranking топ-500 рейтингісіне кіретін шетелдік университетте кем дегенде 1 жыл шақырылған профессор ретінде жұмыс жасау;

— Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 квартилге кіретін журналға автор-корреспондент ретінде  шолу жариялау.»;

5-1-тармақ алынып тасталсын:

7, 7-1 және 7-2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Ғылыми атақ беру туралы қолдау хатты Комитетке жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның Ғылыми кеңесі ұсынады. Ғылыми кеңес қолдаухат жіберу туралы шешім қабылдаудан 1 ай бұрын осы Ережеге                 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманы және оның жарияланымдарының тізімін жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның интернет-ресурстарында орналастырады.

Қолдау хатқа аттестаттау ісі қоса беріледі, оған мынадай құжаттар кіреді:

1) ілеспе хат — ұйымның бланкісінде материалдарды жіберу мерзімі көрсетілген Ғылыми кеңес төрағасы қол қойған ұсыным;

2) еңбектер тізімі және тиісті жарияланымдар көшірмелері. Халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар тізімі 1-1-қосымшаға сәйкес рәсімделеді;

3) ізденушінің ғылыми және педагогикалық қызметі көрсетілген ұйымның Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді;

4) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы дипломдар көшірмелері;

5) жұмыс орны растаған Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) шәкірттер (ғылыми дәрежесі бар тұлғалар) дайындағанын растайтын ресми құжаттардың көшірмелері немесе монографияның немесе кітаптің  түпнұсқасы;

7) жеке куәліктің көшірмесі;

8) монографияларды немесе кітаптарды халықаралық деректер базалары бойынша плагиатты пайдалануын тексеру туралы «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ анықтамасы;

9) ізденушінің  осы Ереженің талаптарына сәйкестігін  дәлелдейтін басқа құжаттар.

Қандай да бір құжаттар болмаған жағдайда Комитет аттестаттау ісін қарамай, қайтару себебін көрсетіп аттестаттау ісінің Комитетте тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде қайтарады. Жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйым аттестаттау ісін қайтарылған күнінен бастап 1 айдан кем емес мерзімде қайта ұсынады. Бұл ретте Ғылыми кеңестің жаңа қолдау хаты ұсынылады.

7-1. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың басқа елдің мемлекеттік аттестаттау органдарында алған ғылыми атақтарын тану Қазақстан Республикасының тиісті аттестаттарын бере отырып, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор атақтарын беру арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа елдің мемлекеттік аттестаттау органдарында алған ғылыми атақтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап алынған жағдайда ғылыми атақтар тануы осы Ереженің 4, 4-1, 4-2, 4-3, 4-4, 4-5, 4-6, 5,    5-2, 5-3, 5-4, 5-5 тармақтары бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), профессор атақтарын беру арқылы жүргізіледі.

7-2. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың басқа елдің мемлекеттік аттестаттау органдарында алған ғылыми атақтарын тану мынадай құжаттарды ұсыну арқылы жүргізіледі:

1) сұратылған мамандықтың атауы және шифры көрсетілген олар жұмыс істейтін жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның қолдаухаты;

2) жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

3) шетелде ғылыми атақ берілгені туралы аттестаттың нотариалды расталған көшірмесі немесе оның нотариалды расталған аудармасы.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-Қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовке  жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5498267