Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қашықтықтан оқыту жағдайында IT қолданудың мүмкіндіктері

Қашықтықтан оқыту жағдайында IT қолданудың мүмкіндіктері

Бүгін Жұбанов университетінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында IT қолданудың мүмкіндіктері» тақырыбында әдістемелік апталық басталды. 2020 жылдың 23-27 қарашасы аралығында өтетін әдістемелік апталықтың міндеттері:
• Білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім- тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру.
• Жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, оқытушылардың ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.
• Білім алушыларды зертханалық, ғылыми- зерттеу жұмыстарын қашықтықтан ұйымдастыруға баулу.
• Қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктері мен тиімділігін көрсету.
• Оқытудың цифрлық түрін қолдану, үлесін арттыру.

Әдістемелік апталық факультеттер арасында вебинар, тренинг, іскерлік ойын, әдістемелік семинар, шебер-класс, практикалық сабақ, ашық сабақ, екеуара дәріс, дәріс конференция, бейнедәріс, қонақ дәріс, интеллектуалды ойын, интерактивті дәріс форматында өтеді.