Суббота, Январь 23, 2021
Басты > БАҚ біз туралы > Қазақ елі аса күрделі кезеңді артты қалдырды, сарапшылар

Қазақ елі аса күрделі кезеңді артты қалдырды, сарапшылар

«АстанаТВ»:

Тұңғыш Президент күні қарсаңында еліміздің білім беру мекемелерінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасы көрсетіле бастады. Фильмді мектептер мен колледж және жоғарғы оқу орындарының 3 млнға жуық тәлімгері тамашалайды. Хабарда Елбасы туралы жан-жақты пікір айтылған. Сарапшылар да өз ойын білдіруде. Қазақстан аса күрделі кезеңді артты қалдырды.

Бұл — Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі. Профессор Темірхан Тебегенов, бүгін осындай пікір білдірді. Ал, Ақтөбедегі Құдайберген Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков болса, Елбасының жастарға жасаған мүмкіндіктерді жіпке тізді. Әсіресе ел дамуына үлес қосу үшін, шетелдегі үздік жоғарғы оқу орындарында оқытты деді.

Темірхан ТЕБЕГЕНОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: Аса елеулі кезеңі деп алатын осы отыз жылға жуық кезеңдегі біздің мемлекетімізді басқарған тарихи тұлғаның орны дараланып, көрініп тұр. Бұл бүгінгі ұрпақ үшін де, ертеңгі ұрпақ үшін де мәңгі айтылатын тарихымыздың тарихи белестері, заңды көрністері.

Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ м.а: Білім және ғылым саласында кадр таңдау мәселесін жас дарынды таңдау «вырасшивание талантов» деп атап жүр ғой. Сол кезде мына Болашақ бағдарламасын ашты. Бізде бір мемлекетте жоқ. Болашақ бағдарламасын ашып, қазақ жастарын шетелге жіберді. Сол жастар қазіргі күні келіп елге қызмет етіп, жемісін бере бастады:

https://astanatv.kz/kz/news/58069/