Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттерге «Қазақстандағы көптілділік» сабағы өткізілді

Студенттерге «Қазақстандағы көптілділік» сабағы өткізілді

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ тарих факультетінде рухани жаңғыру бағдарламасы аясында болашақ мамандарды көптілділік мемлекеттік саясатына сай даярлау мақсатында «Орыс тілі» мен «Шетел тілі» пәндерінен кіріттірілген сабақтары өткізіледі. Атап айтқанда, болашақ мамандар арасында көптілділік енгізу туралы мемлекеттің саясатын жүзеге асыру мақсатында орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары С.Х.Әбдіғази  және  С.Е.Өмірзақова «Қазақстандағы көптілділік» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Оқытушылар сабақтарында студенттердің болашақ кәсіби қызметіне қажетті қарым-қатынастық (коммуникациялық) қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, қойылған мақсаттың жүзеге асуын қамтыды.