Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Zhubanov University 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнін тойлауда

Zhubanov University 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнін тойлауда

Бүгін Zhubanov University ғылыми кітапханасында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылыми кітапханасы мен тарих факультеті біргелікте «Елбасы – Қазақстан өркениетінің кемеңгер басшысы» атты дөңгелек үстел өтті.

Салтанатты шараны кіріспе сөзбен ашқан университетіміздің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Рахым Ағыбайұлы Бекназаров 2011 жылдан бері күнтізбенің қызыл күні болып саналатын Тұңғыш Президент күнінің шығу тарихы мен оның бүгінгі күнгі өзектілігіне тоқталып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер саясаты төңірегіндегі өз ойымен бөлісті.

Университеттің құрметті профессоры Нұртаза Ақишанұлы Абдоллаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлымен алғашқы кездесулерін еске алып, аталмыш мерекенің негізі болып табылатын алғашқы Парламент сайлауы туралы сыр шертті.

Сонымен қатар, шара барысында бірнеше маңызды баяндамалар жасалды. Олардың ішінде тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Балжан Давлетьярованың «Роль Елбасы в модернизации общественного сознания» атты баяндамасы қызу пікірталас туғызып, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын жаңа тұстан суреттеді.

Шараға арнайы шақырылған қонақ Қазақстан Халық Ассамблеясының мүшесі, қоғамдық келісім мекемесінің қызметкері Сапаров Түлкібай: «Тарихта дара болу, дана болу бір басқа, оған жетудің жолдары да әртүрлі. Ондай адамдар халықпен бірге болған жағдайда ғана, өзінің дарындылығын да, ерекшелігін де көрсете алады» — деген Мотескьенің сөзін алға тартып, «Осындай теңеулер біздің Нұрсұлтан Әбішұлына тура сәйкес келеді» — деп сөзін қорытындылады. Жиналғандарды мерекемен құттықтаған тарих факультетінің деканы Гүлмира Көпенова мен Тарих және дінтану кафедрасының меңгерушісі Гүлбану Ізбасарова жиналғандарды мерекемен құттықтап, дөңгелек үстел жұмысын қорытындылады.

Айта кету керек, университеттің Ғылыми кітапханасының Тұңғыш Президент атындағы электрондық залында жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін бұл шара биылғы жылы орын алған пандемияға байланысты онлайн және офлайн түрде жүргізілді.