Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Марапатқа ие болды

Марапатқа ие болды

Бүгін Жұбанов университетінде ректордың жұмыс жиыны өтті. Жұмыс жиыны салтанатты шарамен басталды.  Кезекті басқосуды оқу орнының басшысы Бауыржан Ердембеков кіріспе сөзімен ашты. Сөз соңында  «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісін университеттің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ольга Сұлтанғалиеваға табыстады.

Айта кетейік, еліміздің әлем өркениетінде лайықты орынға ие болып, дамудың сара жолына түсуіне кәсіподақ ұйымының қосып отырған үлесі мол. Қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғап, мұң-мұқтажын бөлісетін, әр жетістігіне демеуші, жұмыс баспалдағымен өрлеуіне дәнекер болып отырған кәсіподақ — әрбір қызметкердің сенімді қорғаны, лайықты жолсерігі. Сондықтан қоғам көшін қарыштата алға жылжытып келе жатқан кәсіподақ ұйымына құрмет арта бермек.