Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті виртуалды халықаралық көрмеде

Жұбанов университеті виртуалды халықаралық көрмеде

Жұбанов университеті «QS REIMAGINE EDUCATION» дүниежүзілік конференциясы аясында виртуалды көрме залында арнайы таныстырылым жасады.

Мұнда 600-ден аса шетелдік университтермен (соның ішінде Khalifa University, King Khalib University, Fundacion Universitaria dei Area Andina, Canadian University Dubai, Applied Science University т.б.) өзара байланыс орнатуда.

Көрме аясында университеттер мен білім-ғылым орталықтары өздерінің білім беру әлеуетін көрсететін болады. Әлемнің барлық аймағынан халықаралық сарапшыларды біріктіріп отырған бұл шара жоғары білімнің жаңғыруына, жаһандануына және озық тәжірибелермен бөлісуге ықпалын тигізері анық.