Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

2020 жылғы 20 қарашада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 7 білім беру бағдарламасына Қазақстан Республикасы «KazSEE қазақстандық инженерлік білім беру ассоцициясы» агенттігі тарапынан мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілді. Аккредиттеу рәсімі on-line режимінде өткізілді.

Аккредиттеу рәсімінің мақсаты білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органы тарапынан жүргізілетін бағалау процесі. Дәлірек айтсақ, мамандандырылған аккредиттеу барысында университеттегі білім беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру, білім бағдарламаларының сапасы мен жалпы білім беру қызметінің мемлекеттік стандарттарға және нормативтерге сәйкестігі бағаланады.

Аккредиттеу жүргізілген мамандықтар:

  • 6В05102-Биотехнология
  • 6В07105-Химиялық инжиниринг
  • 6В07106-Электроэнергетика
  • 6В07204-Пайдалы қазбаларды байыту
  • 6В07205-Мұнай-химия өндірісінің технологиясы
  • 6В07206-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
  • 6В07303-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

Аталған рәсімді «KazSEE қазақстандық инженерлік білім беру ассоцициясы» агенттігі тарапынан отандық және шетелдік сарапшылар тартылған сараптау тобы жүзеге асырды. Комиссия төрағасы – Нурмагамбетова Ажар Зейнуллаевна. Шетелдік сарапшы: Гришин Игорь Анатольевич (Магнитагорск, РФ). Сарапшылар: Керимкулова Айгуль Жадраевна, Богомолов Алексей Витальевич, Айткулов Айдар Муратович, Наурызова Кулжамал Шариповна, Исакулов Байзак Разакович, Абжанова Шолпан Амангелдықызы. Агенттік үйлеструшісі: Салкараев Жаксылык Косакбаевич. Сарапшы-жұмыс беруші: Ережепова Гулбану Галымжановна  –«Prime Source» ЖШС. Сарапшы-Студент: Қожахан Еңлік Берікқызы, Қаазақ ұлттық аграрлық университеті.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры филология ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Ердембековтың және университет проректорларының кесдесуінен басталған аккредиттеу рәсімі сыртқы сарапшылардың құрылымдық бөлімдер басшыларымен, факультет декандарымен және бітіртуші кафедралар меңгерушілерімен on-line сұхбаттасу жүргізілді. Сонымен қатар, аккредиттелетін білім бағдарламалары бойынша студенттермен, ПО құрамымен, жұмыс берушілермен кездесу өткізіп, олармен еркін тақырыпта сұхбаттасты. Аталған кездесулерге 21 оқытушы, 21 студент, облыстың түрлі саласынан 12 жұмыс беруші қатысты. Оn-line сұхбат барысында жұмыс тобы тарапынан берілген сұрақтарға барлық қатысушылар қанағаттанарлық деңгейде жауап берді. Сарапшылар сұхбаттасу нәтижесінде қатысушылардың бұл үдеріске үлкен жауапкершілікпен қарағандарына ризашылығын білдіріп, университет пен түлектер, жұмыс берушілер арасындағы кері байланыс тиісті деңгейде екендігін атап көрсетті.

 

 

Білім бағдарламаларын бағалау орталығы