Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Конкурсқа қатысуға шақырамыз!

Конкурсқа қатысуға шақырамыз!

Жұбанов университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2021-2022 оқу жылына арналған Түркия Республикасы «Мәулана» алмасу бағдарламасының конкурсына қатысуға шақырады.

Конкурс 2020 жылдың қаңтар айларында өткізіледі. Бірінші кезең — Жұбанов университетінде конкурстық комиссиясы. Екінші, үшінші және қорытынды кезеңдер — серіктес ЖОО-лардың конкурстық комиссиясы.

«Мәулана» алмасу бағдарламасының гранттары білім алушыларға бір семестр тегін білім алуға, ай сайын «Мәулана» стипендиясын алуға мүмкіндік береді.  Транспорттық, визалық және жатын орын шығындары үміткердің өз есебінен төленеді.

Конкурсқа қатысушы үміткерлер құжаттары 2020 жылдың 15-28 желтоқсан  күндерінде тапсырылуы тиіс.

  1. Қатысу талаптары мен тапсыратын құжаттар (№ 1 қосымша);
  2. Факультеттер бойынша жинақ мәлімет (№ 2 қосымша).

Барлық қажетті сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық орталығына хабарласуыңызға болады.

Халықаралық ынтымақтастық орталығы

 

Конкурс талаптары