Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық виртуалды конференцияға қатысады

Халықаралық виртуалды конференцияға қатысады

Жұбанов университеті «Білім беруді трансформациялау» VII Халықаралық виртуалды конференциясына қатысады. Іс-шара  ЖОО QS World University Rankings-пен бірлесіп ұйымдастырған Imagine Education Инновациялар апталығы аясында өтуде.

Үш күн ішінде онлайн-алаңдарда зияткерлік білім беруге арналған 5G қолдайтын технологиялар; виртуалды және болашақты оқытудың экожүйесін құру және тағы да басқа тақырыптар талқыланатын болады.

Конференцияға әлемге әйгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысады: Серена Риччи — QS Quacquarelli Symonds серіктестік қатынастарды дамыту жөніндегі менеджері, профессор Грэм Дева — Кембридж университетінің аға канцлері; Тара Петтус-Facebook саласының көшбасшысы; Марио Чаморро-Латын Америкасындағы Coursera  компаниясының  жетекшісі; Доктор Рафаэль Коулман — Columbia Health компаниясының  директоры; Лассе Рухиайнен — Digital Prime консультативтік кеңесінің мүшесі; Аншул Сонак — Intel корпорациясындағы Global AI Readness аға директоры және тағы басқалар.