Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Цифрландыру дәуіріндегі студенттік өзін-өзі басқарудың дамуы талқыланды

Цифрландыру дәуіріндегі студенттік өзін-өзі басқарудың дамуы талқыланды

Онлайн-кездесуге  Конфуций Институтының директоры, доцент Цзян Хончжун, Нукус қаласындағы Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Атабек Алымов, Кастамону университетінің (Түркия) РhD докторы Омир Фарух, IDEA Орталық Азияның Тәжікстандағы аймақтық үйлестірушісі   Нурали Зиеев, Қырғыз Республикасының Біріккен Жастар Ұйымының президенті  Асқар Шайкидинов, Қ.Қарасаев атындағы Бішкек гуманитарлық университетінің  Студенттер кеңесінің төрағасы Әділет Құрманбеков, Линк Кампус университетінің итальян тілі оқытушысы Людовико де Серио (Италия), Сакария университетінің (Түркия), Быдгощ қаласындағы Экономика университетінің (Польша), Орынбор мемлекеттік университетінің (Ресей) және Жұбанов университетінің студенттері мен магистранттары қатысты.

Басқосуға қатысушылар әр түрлі елдердегі студенттердің өзін-өзі басқару тәжірибесі, цифрлы технологиялардың жастар өміріне әсері және студенттік өмірді ұйымдастыру сынды мәселелермен бөлісті.