Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингіне енді

Жұбанов университеті жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингіне енді

Ғаламдық «GreenMetric World University Ranking» рейтингінің зерттеу мәліметтері бойынша Жұбанов университеті әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында өз позициясын нығайтты.

Рейтинг жоғары оқу орындарында «жасыл» технологиялар мен экологиялық саясатты дамытудың нақты көрінісін көрсетеді және оларды инфрақұрылымды дамыту, қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу, су мен энергияны ұтымды пайдалану, экологиялық таза көлікті пайдалану, экология саласындағы білім беру және ғылыми қызмет, кампустағы жасыл желектер алаңы сияқты өлшемдер бойынша бағалайды.

Айта кетейік, Жұбанов университеті көптеген жобалардың бастамашысы бола отырып, жасыл технологияларды енгізу, университет қызметінің энергия тиімділігін арттыруда ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.