Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Грант ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алма!

Грант ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алма!

Құрметті талапкерлер, 11 сынып оқушылары!

Жұбанов университеті мектеп оқушыларын «ZHUBANOV олимпиадасы» пәндік олимпиадасына қатысуға және Қ.Жұбанов атындағы грант иегері атануға шақырады!

Қатысушылар олимпиадаға 2020 жылдың 9-31 желтоқсан аралығында www.arsu.kz ресми сайтының Талапкерлерге – Zhubanov олимпиадасы бөлімі арқылы тіркеліп, онлайн өтінім жібере алады. Көрсетілген сілтеме бойынша тіркелмеген қатысушылар олимпиадаға қатысуға жіберілмейді.

Әрбір қатысушы ҰБТ-дағы бейіндік пәндеріне сәйкес блокты таңдайды.

Олимпиада 2021 жылдың 5-12 қаңтар аралығында ҰБТ-ның үш негізгі және келесі бейіндік пәндер комбинациясы бойынша өтеді:

1 блок-05.01.2021

Физика-Математика

 

2 блок — 06.01.2021

Биология — География

Химия — Биология

Химия — Физика

 

3 блок — 08.01.2021

География — Дүниежүзі тарихы

География — Шет тілі

Математика — География

Дүниежүзі тарихы — Адам.Қоғам.Құқық

 

4 блок — 11.01.2021

Қазақ тілі — Қазақ әдебиеті

Орыс тілі — Орыс әдебиеті

Шет тілі — Дүниежүзі тарихы

 

5 блок — 12.01.2021

Шығармашылық емтихандар

1.Бейнелеу өнері, Көркем еңбек, графика және жобалау

2.Хореография

3.Музыкалық білім

 

Мекенжайымыз: Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы 34, 101 кабинет

Байланыс телефондары: 8 7132 54 39 74;  8 747 518 35 83