Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құдайберген Жұбанов рухына тағзым етті

Құдайберген Жұбанов рухына тағзым етті

Бүгін қазақтың тұңғыш лингвист-ғалымы, түркітанушы, профессор Құдайберген Жұбановтың есімі ұлықталды.

Құдайберген Жұбанов бұрынғы Орал облысы Темір уезі Темір-Орқаш болысының 9-ауылындағы Қосуақтам деген жерде (қазіргі Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, «Жаңа тұрмыс») 1899 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген. Құдайберген Жұбанов — қазақтың тіл білімі саласындағы алғашқы профессоры, түркітанушы, педагог. 16 тілді жетік меңгерген.

Айта кетейік, 1990 жылы Ақтөбе педагогикалық институтына қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, лингвист-ғалым Құдайберген Жұбановтың есімі беріліп, ескерткіші орнатылған болатын. Жыл сайын университетте ғалымды ұлықтауға арналған шаралар, оның еңбектері жайлы ғылыми конференциялар дәсүрлі түрде өтеді. Бүгінгі таңда талантты ғалымның есімін иеленген оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушылары заман талабына сай жоғары биіктерден көрініп келеді.

Университет басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамы ғалымның туғанына 121 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрметпен тағзым етті.

Мұнда жиналғандар қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым Құдайберген Жұбановтың өнегелі, тағылымды істерін айтып, ғалым бейнесіне құрмет көрсетті.