Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті QS ғаламдық рейтингісіне енді

Жұбанов университеті QS ғаламдық рейтингісіне енді

Жұбанов университеті QS World University Rankings әлемдегі үздік университеттердің ең беделді рейтингісіне алғаш рет енді.  Биыл Жұбанов университеті жаһандық рейтингте 351-ші орынға көтерілді.

Жұбанов университеті – әлемнің үздік 108 университетінің қатарына енген қазақстандық жоғары оқу орындарының бірі.  Қазақстанның рейтингке қатысқан 108 көпсалалы университеттері арасында  23 орынға көтерілді. Мұндай тамаша нәтиже Жұбанов университетінің соңғы жылдар бойы атқарып келе жатқан жемісті еңбегіне байланысты екені сөзсіз.

QS әлемдегі үздік білім ордаларына көп жылдан бері ғаламдық рейтинг жүргізіп келе жатқан беделді әрі ықпалды, барлық елде мойындалған халықаралық агенттік.  QS World University Rankings жоғары объективті болып саналады, өйткені барлық мәліметтер мен рейтингтің әдістемесі сыртқы аудит үшін қол жетімді. QS World University Rankings рейтингісі он жылдан астам білім беру сапасын бағалау үшін әлемде танылған құрал. Рейтинг құрастырушылары алты негізгі критерийді пайдаланды: академиялық ортадағы бедел, университеттің өкілдерінің ғылыми жарияланымдарына, мұғалімдер мен оқушылар санының қатынасына, жұмыс берушілердің бітірушілерге қатынасына, шетелдік оқытушылар мен студенттердің салыстырмалы санына негізделген. Бағалаудың жарты көрсеткіші университеттің беделін бағалау көрсеткішіне тиесілі: 40% – университеттің академиялық ортадағы беделі; 10% – жұмыс берушілердің бағасы.

Айта кетейік, Жұбанов университеті QS World University Rankings әлемдік рейтингіне кіру үшін 2018 жылы өтінім беріп, екі жыл ішінде флагмандық идеялар мен ынтымақтастықты белсенді түрде насихаттап келеді. Осы кезеңде университет стратегиялық миссиясы мен мақсаттарын әзірлеу, сонымен қатар университеттің барлық бағыттардағы көрсеткіштерін жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізді.

Атап айтқанда, университеттің академиялық ортада және жұмыс берушілер арасындағы беделі, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы сияқты критерийлер бойынша арттыру бойынша жұмыс жүргізілді. Университеттің академиялық ортадағы беделін тану және арттыру,  жоғарыда аталған көрсеткіштерді арттыру мақсатында университет QS сарапшыларының қатысуымен бірқатар халықаралық семинарлар, тренингтер, вебинарлар өткізді, халықаралық білім саммиттеріне және виртуалды конференцияларға қатысуы, университет сайтының кеңейтілген профилін ашу бойынша жұмыс жүргізілді.

Жұбанов университетінің осы жә­не басқа да жетістіктері Қа­зақ­станның жоғары оқу орын­дары­ның ұлттық сұранысқа ие рейтингісінде оң бағаланып, осындай үлкен жеңіс әкелуге өз септігін тигізді. Мұндай жоғары дәрежедегі халықаралық мойындау университеттегі білім беру сапасының жоғары екендігін, сондай-ақ, әлемдік білім беру кеңістігінің жоғары стандартына сәйкес екендігін дәлелдей түспек.