Понедельник, Октябрь 2, 2023
Басты > Жастар саясаты > Волейболдан қайырымдылық турнир өтті

Волейболдан қайырымдылық турнир өтті

«Жұбанов жылуы» еріктілер қозғалысы қала жастарына волейболдан қайырымдылық турнирін ұйымдастырды.

Қатысушылар жарнасынан түскен қаражат көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде жұмсалады.  Сондай-ақ, олардың кішкентай бүлдіршіндеріне жаңа жыл қарсаңында түрлі ойыншықтар  мен тәттілер табысталады.

Жарыста жігіттер мен қыздардан құралған алты команда бақ сынады. Жеңіске ұмтылғандар жарыс соңына дейін  бар күшін салды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара бос уақытты дұрыс пайдаланып, адамның дамуына және салауатты өмір салтына жетелейді. Іс-шара «1000 игі іс» аймақтық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды  Жоғары колледж (4 курс) командасы, 2 орынды  Жоғары колледж (1 курс) командасы, 3 орынды №5 мектеп командасы иеленді.

Жеңімпаздар университет басшылығының кубоктарымен және сертификаттарымен марапатталды.