Воскресенье, Сентябрь 24, 2023
Басты > Жаңалықтар > Университет профессоры «Жыл адамы – Алтын Адам» атағын иеленді

Университет профессоры «Жыл адамы – Алтын Адам» атағын иеленді

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Шүңкеев «Жыл адамы – Алтын Адам» номинациясымен марапатталды.

Профессор Қуанышбек Шүнкеев қазақстандық физика мектебінің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, Қ.Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері, «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы».

Айта кетейік, Қ.Шүңкеевтің радиациялық физика мектебі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Эстония, Белоруссия, Польша, басқа да шетелдерде әйгілі. Осы уақытқа дейін профессор Қуанышбек Шүңкеевтің жетекшілігімен физика-математика ғылымдарының кандидаты және PhD докторлары ғылыми дәрежесін алу үшін 10 диссертация қорғалды, 35 ғылыми мақаласы Халықаралық Web of Science деректер қорына енгізілген журналдарда жарияланды.

Жыл сайынғы марапаттау рәсімінде «Жыл адамы» жобасының  жүлдегерлеріне – «Алтын Адам» мүсіні, «Қоғамдық тану» және «№1 Жыл таңдауы» құрмет медальдары табыс етілді. Мұнда еңбегі, батырлығы, таланты және жан-жақты жомарттығы  Отанымыздың нағыз игілігін құрайтын қазақстандықтардың есімдері жарияланды.

«Жыл адамы – Алтын Адам»  ұлттық сыйлығын тапсыру «Кәсіби жетістіктері үшін», «Елеулі үлесі үшін» және «Ғылым қайраткері»  сынды  бірнеше номинациялар бойынша марапатталады.