Қажетті құжаттарды «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету және құжаттардыру орталығына 2021 жылдың 05-ші қаңтарына дейін қабылданады (факультет деканаттары арқылы). |
Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесі |
Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі. |
Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады: |
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары; |
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар; |
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар; |
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар. |
Стипендия ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады. |
Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады. |
Стипендия жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін. |
Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу осы Ереженің 5, 6 тармақтарында жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық: |
жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; |
бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі. |