Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов — жастар көзімен

Жұбанов — жастар көзімен

Жұбанов университетінде ұйымдастырылған «Жұбанов -жастар көзімен» атты бейнеролик байқауына Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Байқауға қатысушылар үш минуттық бейнематериалдарды сұхбат, репортаж, бейнебаян және тағы да басқа жанрларда ұсынып, бейнематериалды жеке инстаграм парақшасында #zhubanovzhastarkozimen хэштегімен жариялады.

Жеңімпаздарды анықтау кезінде қазылар алқасы Құдайберген Жұбанов еңбектерінің мазмұны мен мағынасына сүйеніп, шығарманың мағыналық тұтастығын және қисындылығын ескерді.

 

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын – «Қазақ филологиясы» мамандығының 2 курс студенті Назерке Өтеген;

ІІ орын – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Қуат Дос;

ІІ орын – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының түлегі Іңкәр Бегжанова;

ІІІ орын – «Есеп және аудит» мамандығының 4 курс студенті Дана Әлібиева;

ІІІ орын – «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Қарлығаш Ислямова.

Қазылар алқасының шешімімен «Биология» мамандығының 4 курс студенті Ақерке Жаппарқұлова мен  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Назерке Сағынаева ынталандыру жүлдесіне иеленді. Ал қалған бейнеролик авторларына Алғыс хаттар мен сый-сияпаттар тапсырылды.