Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы «KazSEE Қазақстандық инженерлік білім беру ассоцициясы» агенттігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандада өткен Аккредиттеу Кеңесі университетіміздің 7 білім бағдарламасын максималды 5 жылға аккредиттеу жөнінде шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 20 қарашасында аталған Агенттік тарапынан құрылған сыртқы сарапшылар тобы университетіміздің келесі білім беру бағдарламаларына мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізген болатын.

1. 6В05102-Биотехнология

2. 6В07105-Химиялық инжиниринг

3. 6В07106-Электроэнергетика

4. 6В07204-Пайдалы қазбаларды байыту

5. 6В07205-Мұнай-химия өндірісінің технологиясы

6. 6В07206-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

7. 6В07303-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

Аккредиттеу on-line режимінде өтті. Аккредиттеу рәсімі ректордың және университет проректорларының KazSEE сыртқы сарапшыларымен on-line кездесуінен басталды. Бір күн ішінде сарапшылар құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, декандармен, кафедра меңгерушілерімен, жұмыс берушілермен және студенттермен кездесулер өткізді.

Университет ұжымының аккредиттеуге дайындық кезіндегі қажырлы еңбегі, ұжым мүшелерінің іс-шараларды үлкен жауапкершілікпен атқаруы, білім бағдарламаларының жұмыс берушілері мен студенттерінің аккредиттеу рәсімі аясында өткізілген сұхбаттасуға белсенді түрде қатысуы маңызды кезеңнен сәтті өтуге негіз болды.

Аккредиттеуден сәтті өткен барлық мамандықтар ұжымын алған белестерімен құттықтаймыз!

Білім бағдарламаларын бағалау орталығы