Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті

Семинар

«ANTIKOR ORTALYGY» СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҒЫНДА ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҒАЛЫМБЕК ДОСАНОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ» СЕМИНАР ӨТТІ.

Заңгерлер мен тәжірибелі адвокаттар, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушылары мен курсанттары,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті заң факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысқан семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың кері әсері мен зардабы туралы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар тұрғысында әңгіме өрбіді.
Ғалымбек Досанов қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға енгізілген өзгертулерге тоқталып, елдегі
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттары туралы айтты.
— Семинардың мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі отандық тәжірибені зерделеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа ұсыныстары мен әдіс-тәсілдерін әзірлеу, — деді Ғалымбек Досанов.
Айта кетейік, елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сәйкес институттары мен тетіктерін құру бағытында мақсатты әрі жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

 

Ақерке МӘЛІКҚЫЗЫ

https://aqtobegazeti.kz/?p=96061