Вторник, Сентябрь 26, 2023
Басты > Жаңалықтар > Университет емханасына жаңа аппарат сыйлады

Университет емханасына жаңа аппарат сыйлады

Еліміздегі карантин жағдайына байланысты өңірдегі кәсіпкерлер белсенділік танытып, ел үшін көптеген игі істерді атқарып жатыр. Бүгін жергілікті кәсіпкер, «Дина Киндер» жекеменшік балабақшасының директоры Зәуре Қадыр жасанды тыныс алу аппаратын Жұбанов университетінің емханасына сыйға тартты.

Аталған мекеме атынан берілген бір аппараттың құны — 250 мың теңге. Бұл медициналық аппарат пневмония және коронавирус індетіне шалдыққан науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар.

Бұл аппарат науқастар үшін үлкен көмек. Бұл – медициналық персоналдың да жұмысын жеңілдетпек. Ауыр жағдайда келген науқастарға отте­гінің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында қажетінше режим арқы­лы беруге болады.

Қазақстанға Ресейден жеткізілген аппараттың ерекшелігі де сол, өкпені жасанды желдету арқылы науқастың өміріне араша түсуге болады. Коро­на­вирус індетін жұқтырған науқастың жағдайы нашарлағанда ең қажетті құрылғы.

 Жасанды жолмен жел­дету аппараты өкпеге оттегі жібе­ріп, жиналып қалған сұйықтық пен көмірқышқыл газын сыртқа шығарып отырады. Науқасты мұндай желдеткішке дер кезінде қосса, тірі қалу ықтималдығы барынша артады. Сыйға тартылған «АRМЕD» деп аталатын ИВЛ аппаратының да ерекшелігі осы, — дейді университет емханасының меңгерушісі Жұмагүл Жұмағазина.

Өз кезегінде емхана меңгерушісі Жұмагүл Такенқызы ұжым атынан Дина Киндер» жекеменшік балабақшасының басшысына  алғысын білдірді.

х