Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ректорының құттықтауы

Университет ректорының құттықтауы

Құрметті әріптестер, оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!
Сіздерді  Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Санаулы күндерден кейін 2020 жыл да тарих қойнауына кетеді. Тарих сахнасына енетін жылда біз көптеген жоғары нәтижелерге қол жеткіздік, табыстарымызға қуандық, ал қиыншылықтарға бірге төзе білдік. Биылғы жылы біз бірлесе жоғары кәсібилік таныттық, өз ісімізді адал атқардық.

Жұбанов университетінің басты миссиясы – ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман мен кемел тұлғаны қалыптастыру.

Жұбанов университеті Қазақстанның Батыс өңірін білікті мамандармен қамтамасыз етуге және қолданбалы ғылымның өзегіне айналуға дайын.

Халықаралық QS World University Rankings рейтингісінде ең үздік университеттер арасында 351-орынға ие болды.

АРТА (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі) рейтингісінде Қазақстанның үздік жиырма университетінің ішінде 4-орынға шықты.

85 жылдықта 85 игілікті іс-шара жүзеге асты:
85 үздік оқытушы, қызметкер, студент;
85 үздік кітап — «Жұбанов кітапханасы» сериясымен;
85 авторлық куәлік пен патент;
85 ғылыми жоба;
85 үздік әріптес кәсіпорын;
85 үлгі тұтар еріктілер ісі;
«85 жылдыққа – 85 кітап»: университет ғалымдарының тартуы;
«85 құнды жәдігер»: «Жәдігер жерде қалмасын» акциясы аясында университет музейі қорына жиналды;
85 педагог Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының сыйақысын иеленді;
Университет мерейтойында 500-ге жуық әріптесіміз марапатталды;
Университеттің әнұраны «Жұбанов маршы» дүниеге келді.

2020 жыл «Ғылымды дамыту» жылы деп аталып, ғалымдарымыз 200 млн теңге грантты жеңіп алды.

Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері Абайдың 175-жылдығына арналған республикалық, облыстық іс-шараларға қатысты.

Облыстың 400-ге жуық мектебінің кітапхана қорына менің авторлығымдағы «Абайтану» кітабы сыйға тартылды, сондай-ақ, «Абай шығармаларының көпфункционалды Web қосымшасын жобалау және құру» ғылыми жобасы бойынша Білім және ғылым министрлігінің грантын жеңіп алды.

Филология мамандығы бойынша PhD философия докторы, бейіндік сала бойынша доктор дәрежесін беруге арналған диссертациялық Кеңес ашылды, математика мамандығы бойынша 2 докторлық диссертация қорғалды.

Университеттің Хирш индексі бойынша көрсеткіші үш позицияға көтерілді.

Қазақстан мектептеріне арналған «Физика» оқулығы әзірленді.

Университетте 49 жаңа білім бағдарламасы ашылды.

Бакалавриат — 17, магистратура — 27, докторантура 5 білім бағдарламасына ұлғайды.

«Жыл еріктісі — 2020» жастар сыйлығын табыс ету рәсімінде Жұбанов университетінің еріктілері «Үздік волонтерлік топ», «Үздік онлайн жоба» номинациялары бойынша марапатталды. Студентіміз Нұрбек Жалғасбаев ҚР еріктілерінің ТОР-100 тобына енді.

2020 жылы студенттер қатары 209 «Алтын белгі» иегерімен, республикалық, халықаралық олимпиадалар, ғылыми байқаулар мен спорттық сайыстардың 37 жеңімпазымен толықты.

4415 студент мемлекеттік білім беру грантын;
220 білім алушы облыс әкімінің грантын;
133 білім алушы кәсіпорындар грантын;
85 білім алушы Құдайберген Жұбанов атындағы грантты,
94 білім алушы облыс әкімінің шәкіртақысын;
50 білім алушы Құдайберген Жұбанов атындағы шәкіртақыны иеленді.

767 студент көптілді оқыту жүйесі бойынша білім алуда; дуалды оқыту элементтері 163 пәнге енгізілді, практик-мамандар тарту көрсеткіші 26%-ке артты.

Биыл университет түлектерінің еңбекке орналасу көрсеткіші 95%-ке жетті.

Алғаш рет ресейлік «Facultetus» платформасында Электронды еңбек биржасы арқылы онлайн-жәрмеңке ұйымдастырылды. Онлайн-жәрмеңкеге 45 компания мен мекемеден 200-дің үстінде бос жұмыс орны қатысты.

Қызметкерлердің жалақысы 50%-ке, студенттердің шәкіртақысы 25%-ке, педагогикалық бағытта білім алушылардың шәкіртақысы 2 есеге көтерілді.

Университеттің материалдық-техникалық базасы 87%-ке жаңартылды, «Жұбановқа жомарттық» жобасы шеңберінде 80 млн теңгеден астам қаржыға жаңа зертханалар, спорт алаңдары, жылыжай кешені ашылды, оқу кабинеттері жабдықталды.

2020 жылы Smart University жобасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты:
Жеке прокторинг жүйесі бар дербес білім беру порталы құрылды;
SmartARSU мобильді қосымшасының қызмет көрсету аясы ұлғайды;
IT инфрақұрылым жаңғыртылды;
Цифрландыру апталығы өткізілді.

Жұбанов университетінің цифрлық үлгісін басқа жоғары оқу орындары ұстануға дайын.

Алдағы жылы:
жеке газдандыру жүйесін жасақтау;
университет базасында екі шетелдік серіктес жоғары оқу орындары филиалдарын ашу ниетіндеміз.

Сіздерді Жаңа 2021 жылмен құттықтаймын!
Жаңа жыл жаңа үміттер мен жаңа жоспарларға толы болсын!  Жанұяларыңызға баянды бақыт, толағай табыстар мен кәсіби жетістіктер тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Ізгі тілекпен,

ректор Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ