Среда, Апрель 17, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > 2020 жыл қорытындысы

2020 жыл қорытындысы

Жыл мерейтойы

Биыл Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің құрылғанына 85 жыл толды. Мерейтойға арналған салтанатты жиын 2000-нан астам адамның қатысуымен ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Шара «Жұбанов кітапханасы» жобасы аясында жарыққа шыққан «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл» мерейтойлық кітабы мен ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған халықаралық онлайн-көрменің экслибрис-каталогының тұсаукесерімен басталды.

Жыл шарасы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде талантты ақын Төлеген Айбергенов атындағы конференц-зал мен белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қажығали Мұханбетқалиұлы атындағы кабинеттің ашылуы өтті.

Аталған шараға  ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет, Төлеген Айбергеновтің қызы Салтанат Айбергенова, Қажығали Мұханбетқалиұлының зайыбы Сұлуханым Ілиясова, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты. Кейінірек университетте Үмбетбай Уайдин атындағы кабинет ашылды.

 

https://aqtobegazeti.kz/?p=96161