«Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды». Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне жариялаған мақаласында талайдан бері қоғамды толғандырып жер мәселесіне қатысты сұрағына айқын жауап берді. Президент мақаланың «Қоғам мен құндылық» бөлімінде ұлттық тарихымызды , ұлттық мүддемізді қорғау керектігін жеткізген болатын. Бабалар қанымен осы күнге дейін сақталып келе жатқан ұлан-ғайыр даламыздың қазаққа ғана тиесілі екендігін өзгелердің санасына сіңдіру қажеттігін баса айтты. Осыған байланысты өңірдегі ағартушылар мемлекет басшысының бастамасына нық сеніммен қарайтындығын жеткізді.