Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Азаматтық ұстаным таныта білейік

Азаматтық ұстаным таныта білейік

Үмбетқан СӘРСЕМБИН,

философия ғылымдарының кандидаты,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

университетінің кафедра меңгерушісі.

Қоғамның болашағы сол қоғамда жүзеге асырылып жатқан саяси реформалармен тығыз байланысты. Саяси реформаларды мемлекет қолға алады, ал оның жүзеге асуына тікелей ықпал ететін, атсалысатын — халықтың өзі. Соңғы уақыттарда мемлекет тарапынан бірқатар саяси реформалар жүзеге асырылып жатыр. Осы бағытта бірқатар заңдарға өзгерістер енгізілді. Ертеңгі сайлау да елдің жан-жақты дамуына ықпал етеді деген ойдамыз. Бұл саяси науқанға барлық азамат белсенді түрде қатысуы қажет.

Сайлаудың қалыпты деңгейде өтуі мемлекет, қоғам үшін үлкен абырой. Әрбір жеке адамның азаматтық ұстанымы да осы сайлаудың негізінде көрінеді. Осы себептен қоғам, әрбір азамат бүгінгі саяси реформаларды ұлттың болашағы үшін де жасалып жатқан игі істердің бірі деп қабылдауы маңызды. Басты құндылық — бұл тәуелсіздік, ал тәуелсіздіктің нығаюына тікелей ықпал ететін — қоғамның саяси мәдениеті. Саяси мәдениеттің үлкен жетістігі — әлеуметтік тұрақтылық. Өмірге, елдің болашағына сауатты әрі жауапты түрде қарауда деп есептеймін.

Қазіргі уақыттың жақсы да жағы бар, ұлттың болашағына үлкен зардап әкелетін қайшылықты құбылыстары да аз емес. Бұған кез келген адам аса сезімталдықпен қарауы қажет. Төзімділік керек, кез келген ақпаратқа пайым мен зерде тұрғысынан баға берілуі керек. Ең бастысы, ұлттың, мемлекеттің абыройын қорғап, оның болашағы үшін қолдан келгенше көмектескен жөн.

 

https://aqtobegazeti.kz/?p=96419