Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жалға беріледі

Жалға беріледі

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы оқу ғимараттарындағы  дәмханаларын (буфет)  жалға беру  конкурсын жариялайды.

Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: Индексі 030000, Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі №263үй.

 Қонкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Қызмет көрсету нарығындағы тәжірибесі;
  2. Қоғамдық тамақтандыру қызметіне қатысты қоршаған ортаны басқару жүйесін қанағаттандыратын сәйкестік сертификатының болуы;
  3. Аспаз біліктілігі;
  4. Технологтың болуы («Тамақтану технологиясы», «Қоғамдық тамақтану технологиясы» мамандықтары);
  5. Технолог біліктілігі бар өндіріс менеджерінің болуы;
  6. Өндірілетін өнімдердің ассортименттік тізімінің болуы;
  7. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар көлік құралдарымен тамақ өнімдерін жеткізу шарттары;
  8. 100% персонал үшін жұмысқа жіберу туралы құжаттардың болуы;
  9. Тамақ пісіруге арналған ыдыс-аяқтардың технологиялық кестелерінің болуы;
  10. Персоналдардың дезинфекциялауға арналған арнайы киімнің болуы;
  11. Қоғамдық тамақтану саласында аспаздардың біліктілігін арттыруға арналған сертификаттардың болуы;
  12. Дәмханаға (буфет) арналған құрал-жабдықтарының болуы;
  13. Өндірісті өзін-өзі бақылау жоспарының болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
  2. Жеке басын куәландыратын төлқұжат (удостоверение);
  3. Өтінім берушінің конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:
  • заңды тұлғалар үшін — заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (көшірмесі);
  • жеке тұлғалар үшін — Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе төлқұжатын, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін құжаттардың (көшірмесі);
  1. Жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік  5 (бес) күн ішінде жүргізіледі.

 Құжаттарды тапсыру мекенжайы: Ақтөбе қаласы, ағайынды    Жұбановтар көшесі №263 үй, 2кабинет. Байланыс телефоны: 8 (7132) 55-24-68.