Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Үміт пен сенім

Үміт пен сенім

Дмитрий МАЦЮКҚ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты

Міне, көптен күткен сайлау да аяқталып, кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған депутаттардың алдында сөз сөйледі. Маған Мемлекет басшысының депутаттарға артылар жауапкершіліктің күшейгенін айтып, білім беру саласына ерекше тоқталғаны ұнады.

Шынында, жыл өткен сайын депутаттарға жүктелетін жауапкершілік, қоғамдық бақылау артып келеді. Өз сөзінде Президент сол үшін де билік өкілдеріне деген халықтың сенімін арттыру керектігін атап өтті. Бұл мақсатта, әрине, халықтың мұң-мұқтажына тереңірек мән беріп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына басымдық беру қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласын да айналып өтпей, саланың сапа деңгейін, яғни аймақтар мен орталықтардағы сабақ үдерісін мейлінше бірдейлендіруді тапсырды. Ол үшін саладағы қайта оқытуға, білімді жетілдіруге жаңа көзқарастың қажеттігі сөзсіз. Меніңше, бұл — оң өзгеріске бастайтын қадам.

Мемлекет басшысының әлеуметтік саясат пен денсаулық сақтау салалары, азаматтарды тұрғын үймен қамту, қалалардағы инфрақұрылымды дамыту керектігі жөнінде кезекті рет айтқаны көңілімнен шықты.

Айналып келгенде барлығымыз да депутаттардан нәтижелі жұмыс күтеміз. Және олардың халықтың тұрмысын жақсартуға сеп боларына сенеміз.

 

https://aqtobegazeti.kz/?p=96721