Среда, Март 3, 2021
Басты > БАҚ біз туралы > Ғалымдар жетістігі

Ғалымдар жетістігі

Ақтөбелік ғалымдар ауыл шаруашылығы, медицина саласына қажетті дайын жобаларын назарға ұсынды. Осы уақытқа дейін лабораторияларда зерттеліп, сыналған ғылыми жаңалықтар өзекті. Мәселен, хим-биолог ғалымдар әзірлеген ағынды суларды тазарту жобасына өңірдегі өндіріс орындары қызығушылық білдіріп отыр. Бұдан басқа, жас ғалымдар көз ауруларын емдеуге арналған жаңа дәрі шығару технологиясын ұсынды.

Мұғалжар ауданының Жалпақ кен орнында диатомиттің 3 млрд тоннадан астам қоры бар. Ақтөбелік физик ғалымдар осы минералды ұтымды пайдаланып отыр. Олар ауылшаруашылығына қажетті топырақтың құнарын арттырып, түрлі зиянкесті өсімдік, егістікке жолатпайтын дәрумендік қоспа жасап шығарды.
Диатомиттің бұдан өзге де пайдасы мол. Медицинада оны қанды тоқтату үшін қолдануға болады. Өйткені құрамында кремний элементі көп. Ақтөбеліктер қазір Беларусь ғалымдарымен бірігіп, осы бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Жоба патенттелген. Қаржы Жұбанов университетінен бөлінді. Бұл минерал тіпті адамды жасартатын қабілетке ие.

Бұл бір ғана жобаның мүмкіндігі. Ғылыми жетістіктердің көрмесінде сондай-ақ бірегей офтальмологиялық пленка жасау технологиясы, отқа төзімді кірпіш өндіру, қиярдың жаңа сорттарын өсіру секілді жобалар таныстырылды.

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/galymdar-zhetistigi