Понедельник, Октябрь 2, 2023
Басты > Жаңалықтар > Әскери кафедраға құжаттар қабылдау

Әскери кафедраға құжаттар қабылдау

 М.Оспанов атындағы БҚМУ әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысқысы келетін студент белгілген тәртіппен арыз жазуы және Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасында есепте тұруы қажет.

Конкурсқа  жоғары оқу орнында 4 жыл оқитын күндізгі бөлімінің, жасы 24-тен аспаған,  бұрын сотты болмаған, 1 курс студенті, Қазақстан Республикасының азаматтарды қатыса алады.

Мына мекен-жайда анықтама алуыңызға болады: Маресьев к., 72 үй, 47 каб., тел. 54-16-92.

Студенттерді әскери кафедраға іріктеу конкурсы үш кезеңнен тұрады:

1 кезең – «Әскери-дәрігерлік экспертиза өткізу және ҚР ҚК әскери-дәрігерлік экспертиза органдары туралы Ережелеріне» сәйкес медициналық тексеруден өту;

2 кезең – кәсіби-психологиялық тестілеуден өту;

3 кезең – дене дайындығын тексеруден өту.

 

Әскери кафедрада оқу мерзімі 2 жыл, оқу ақысы жылына – 201 мың тенге.

 

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың тізімі:

Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі);

  1. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  2. Көлемі 3*4 см 2 фотосурет;
  3. Соттылығының болуы, не болмауы туралы анықтама;
  4. Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат;
  5. Студенттің ЖОО-да нақты оқитыны туралы анықтама.

 

Студенттің міндеттемесі!

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы, тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан өту үшін әскери кафедраға оқуға түсе отырып, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес әскерге шақыру бойынша офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет өткеру туралы міндеттемені қабылдаймын.

20__жылғы«____»     ______________ (студентіттің колтаңбасы)

Ескертпе: міндеттеме қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі. «Запастағы лейтенант» әскери атағын бергеннен кейін әскери кызметші ҚР ҚК қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде әскери қызметке шақырылуға тиіс. Міндеттеме 2 данада баспа түрінде және 1 данасы өз қолымен ресімделеді. Қолмен ресімделген дана және бір терілген данасы ҚР ҚМ Кадрлар департаментіне жолданады. Екінші данасы жеке іске тігіледі.