Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті мәселелер талқыланды

Жұбанов университетінің «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «Қазақстан және Ресей жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулерді дайындау және іске асыру (жағдайы мен болашағы)» онлайн-семинары өткізілді.

Семинарға кафедра оқытушылары, магистранттар, докторанттар мен  4 курс студенттері қатысты.

Кездесуде Жұбанов университетіндегі зерттеу бағыттар  туралы мәселелер көтерілді. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмысының  құрылымы мен мазмұны жан-жақты баяндалды.

Басқосуда педагогика ғылымдарының докторы, ОГПУ профессоры Елена Голикова Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінде ғылыми зерттеулерді дайындау тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Ряскин Қостанай қаласының А.Байтұрсынов атындағы университетінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы әңгімеледі.

Басқосу соңында семинарға қатысушылар ғылыми зерттеулердің бағыттары және оларды іске асыру перспективалары туралы пікір алмасып,   семинардың ұсыныстары қабылданды.