Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бүгін болашақ педагогтар Жұбанов университеті ұйымдастырған «Facultetus» электронды бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.

Жәрмеңкеде Ақтөбе қаласы мен облыстың 28 білім беру ұйымдары, оның ішінде мектептер, балабақшалар және шығармашылық үйлер өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды. Сондай-ақ Жұбанов университетінің 300-ден астам түлегі сандық еңбек биржасына қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі бос орындар жәрмеңкесінің нәтижесінде  45 компаниялар мен мекемелерден өтініштер қабылданып, 100-ге жуық түлек жұмысқа шақырылды.

Мансап апталығының аясында білім ордасының  барлық мамандықтарының түлектері үшін HR кездесулері ұйымдастырылды.  Кездесуге қатысқан HR&Partners аутсорсинг агенттігінің негізін қалаушы Жанат Давлетьярова түйіндемені қалай дұрыс жазу және  жұмыс іздеуді неден бастау керектігі туралы практикалық дағдыларымен бөлісті.

Жұмысқа орналастыру агенттіктерінің өкілдерімен өткізілген онлайн-конференциялар барысында түлектер өзекті трендтер мен сұранысқа ие digital-дағдылармен танысты. Сонымен қатар, FSSA HR агенттігінің және HES FIRCROFT HR агенттігінің өкілдері  мұнай-газ, құрылыс секторы, логистика, консалтингтік және басқа да компаниялардың бос жұмыс орындары мен сұранысқа ие мамандықтары туралы айтты.