Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тарих факультетінде теолог мамандармен кездесу өтті

Тарих факультетінде теолог мамандармен кездесу өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультетінде теолог мамандармен кездесу өтті.

Кездесуге теолог Расим Челидзе,  дінтанушы психолог Юлия Денисенко және университетіміздің философ, тарихшы ғалымдары, оқытушылар мен магистранттары, студенттер қатысты.

Кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың себептері мен зардаптары жөнінде сөз қозғалды. Келген қонақтар ислам дінінің тазалығын, бауырмалдылыққа жетелейтінін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, шарада тарих факультетінің деканы Г.И.Купенова, философия ғылымдарының докторы, профессор А.А.Айталы сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.