Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > «ЖОО үздік оқытушысы-2020» байқауының жеңімпаздары анықталды

«ЖОО үздік оқытушысы-2020» байқауының жеңімпаздары анықталды

Еліміздің 48 жоғары оқу орнынан 150 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Аталмыш байқаудың үздіктері қатарынан Жұбанов университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Рахым Бекназаров, «Физика» кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы  Игорь Спивак-Лавров, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі,  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Төлеген Ботағариев, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Әмірбек Бекешев,  «Математика» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Мадина Тлеубергенова, «Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі»  кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бауыржан Келаманов, «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Гүлмира Шаңғытбаевалар көрініп отыр.

Айта кетейік, жеңімпаздар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды.

Конкурсқа республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты. Оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмысын бағалаудың өзекті сапалық және сандық 2 блоктан тұратын көрсеткіштері бойынша бағаланды: I блок – оқыту сапасы, II блок – ғылыми-зерттеу қызметі.

Биыл алғаш рет «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» конкурсына қатысуға өтінімдер беру, құжаттарды тексеру рәсімі, сондай-ақ апелляция онлайн режимде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді. Конкурстың әрбір кезеңінде үміткерлердің жинаған балдары автоматты түрде ақпараттық жүйеде жарияланып, конкурс үміткерлері өз нәтижелерін онлайн режимде бақылай алды.

«ЖОО үздік оқытушысы-2020» конкурсының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтай отырып, ғылымда табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!