Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырамыз!

Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырамыз!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Сіздерді 2021 жылдың 9-сәуірінде (Ақтөбе қ.) өтетін «Көпмәдениетті кеңістіктегі тіл мен әдебиет: мәселелер, идеялар, даму үрдістері» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция мақсаты – қазіргі кезеңдегі көптілді қоғамның өзекті мәселелерін қарастыруға ғалымдарды шақыру.

Конференцияның міндеттері: ғылыми зерттеулердің жаңа теориялық және практикалық нәтижелерін талқылау, ғылыми қарым-қатынас орнату және жоғары оқу орындарымен әріптестікті нығайту, біріккен ғылыми зертеулердің бағыттарын анықтау, тәжірибе алмасу.

Конференцияға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар, мұғалімдер шақырылады.

 

 Ақпараттық хат