Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Импакт–факторлы журналдарда мақала жариялау семинары

Импакт–факторлы журналдарда мақала жариялау семинары

2017 жылдың 24 қазан күні «Құдайберген Жұбанов» атындағы конференц-залда университеттің бірінші проректоры, ф.-м.ғ.д., профессор Қуанышбек Шүңкеев профессор-оқытушылар құрамына «Импакт-фактор журналдарында мақала жариялау» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға ғылыми-зерттеу орталықтарының жетекшілері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері және оқытушылар қатысты.

Шараның мақсаты — профессор-оқытушылар құрамын индекстелген шетелдік басылымдарда ғылыми жарияланымдардың рәсімдері мен сатыларымен таныстыру және ақпараттандыру.

Семинар барысында авторларға адал баспагерлер мен ғылыми журналдарды іріктеу және таңдау бойынша сілтеме негіздері, баға белгілеу базасы, импакт-факторды анықтау әдістемесі және т.б. ақпараттар берілді.