Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > «Жұбановшылар бастамалары» гранттық қолдау конкурсына қатысуға шақырамыз!

«Жұбановшылар бастамалары» гранттық қолдау конкурсына қатысуға шақырамыз!

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыруға, жастардың қоғамдық белсенділігін қолдауға, әлеуметтік маңызды нәтижелерге қол жеткізу және республикалық, халықаралық гранттық қолдау жобаларына қатысу үшін тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беру мақсатында университет «Жұбановшылар бастамалары» гранттық қолдау конкурсын ұйымдастыратындығын хабарлайды.

«Жұбановшылар бастамалары» гранттық қолдау конкурсына жалпы басшылық және ұйымдастыру жұмыстарын Жастар ісі жөніндегі комитеті жүзеге асырады.

«Жұбановшылар бастамалары» гранттық қолдау конкурсына университеттің студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары (студенттік клубтар) қатысып, өздерінің әлеуметтік жобаларын төмендегідей бағыттар бойынша ұсына алады.

  • Азаматтық ұстаным және рухани-адамгершілік тәрбие;
  • Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру;
  • Құқықтық тәрбие беру;
  • Дене шынықтыру және студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • Экологиялық және еңбек тәрбиесі.

 

«Жұбановшылар бастамалары» гранттық қолдау конкурсы 5 кезеңнен тұрады:

І кезең – Ақпараттық жұмыстар мен қатысушылардың тіркелуі (25-31 қаңтар);

ІІ кезең – Қатысушыларды оқыту жұмыстары (1-5 ақпан);

ІІІ кезең – Жобаларды қабылдау жұмыстары (8-14 ақпан);

ІV кезең – Қатысушылар өз жобаларын қорғау (16-17 ақпан);

V кезең – Үздік жобалардың жүзеге асырылуы (18 ақпаннан бастап).

 

Қосымша ақпарат/сұрақтар бойынша Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Қартжан Нарқозы Есенгелдіұлына /тел.: +7 702 986 2085/ хабарласуға болады.

 

Жұбанов бастамалары ЕРЕЖЕ