Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > ҚР Тұңғыш Президентінің Алғыс хатына ие болды

ҚР Тұңғыш Президентінің Алғыс хатына ие болды

Биылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков және университетінің бас ғылыми хатшысы, қауымдастырылған профессор Мира Балтымова ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

 «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында нұротандықтардың ел азаматтарымен бірлесе қол жеткізген жеңісінің халқымыздың бірлігі мен мемлекетіміздің орнықты дамуы үшін маңызы ерекше.

Алдағы уақытта «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын іске асыруда табандылық таныта беретініңізге сенемін.

Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке тілеймін!», — делінген алғыс хатта.

Сондай-ақ,  салтанатты шарада білім және мәдениет саласының қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, ардагерлер, белсенді жастар, мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері алғысқа бөленді.