Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Аймақтық ғылыми-теориялық конференция өтті

Аймақтық ғылыми-теориялық конференция өтті

2017 жылдың 25 қазан күні С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қызылорда мен Ақтөбе облыстары арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында «Абай жолы» эпопеясының авторы, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтың лауреаты, ұлы жазушы, ғалым, педагог, көрнекті қоғам қайраткері, дүниежүзілік бейбітшілік сақтау комитетінің мүшесі М.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына арналған «М.Әуезовтің шығармашылық мұралары» атты аймақтық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Аталмыш шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері, Қызылорда облысының бірқатар мұғалімдері, қала мен ауданнан қазақ тілі мен әдебиетінің колледж, мектеп оқытушылары қатысты.

Конференция барысында Кітапхана қызметкерлері М.Әуезовтің өмір жолына, шығармашылығына көрме жасақтады, Сондай-ақ, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына арналған аймақтық конференцияда жазушының өмірбаянынан бастап, шығармашылық кезеңдеріне терең шолу жасалды.
Конференцияның практикалық бөлігі №51 гимназияның базасында жалғасын тапты. Онда Әуезовтің шығармаларына арналған сабақтар көрсетіп, тәжірибе алмасты. Практикалық бөлімінің соңы «М.Әуезовтің шығармашылық мұралары» атты әдеби-сазды қойылымға ұштасты.