Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өнер байқауының жеңімпазы атанды

Өнер байқауының жеңімпазы атанды

Жұбанов университетінің білім алушылары  талай байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Төтенше жағдайға қарамастан жетістіктердің жалғасы үзілген емес. Әлемдік додалардың көпшілігі қашықтан ұйымдастырылып, онлайн форматта өткізілуде.

Осы орайда алты алаш жастарының басын қосқан, Алаш өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен ХІІ Халықаралық «ALASH STAR» өнер байқауында Жұбанов университетінің  филология факультетінің студенттері де сынға түсті.

«Көркем сөз» номинациясы бойынша өнер көрсеткен университет студенті Данагүл Жанділда жеңімпаз атанып, бас жүлдеге ие болды.  Жетекшісі Ұлықпанова Әлия Жолдасқалиқызына  халықаралық дода ұйымдастырушылары тарапынан Құрмет грамотасы табысталды.

Жеңімпазымызды аталмыш жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!