Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жаңа оқулық жарық көрді

Жаңа оқулық жарық көрді

 

 

«Қазақ әліпбиін латын таңбасына көшіру» атты оқулық
таныстырлды.

Онлайн режимінде ұйымдастырылған шараға еліміздің және шетелдің ғалымдары қатысты.

Аталған оқулықтың авторлары — филология ғылымдарының кандидаттары Нұрбол Садуақас пен Мұхтар Миров. Латын әліпбиі туралы еңбек Түркияда жарық көрген.
— Бұл оқу құралы түрік ғалымдары тарапынан қызығушылық тудырып, соған байланысты Түркияда басылып шықты. Оқулық қазақ, түрік, ағылшын тілінде жарық көрді.

Бұл оқу құралында қазақ тілі әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру бағытындағы тіл мамандарының атқарған жұмыстары, латын негізді қазақ әліпбиі мен жазуының емле ережелері, мемлекеттік тілдің болашағы мен қолданыс аясын кеңейте түсу бағытындағы іс-шаралар туралы материалдар қамтылған, — дейді оқу құралы авторларының бірі Мұхтар Миров.

Аталған еңбек студенттер мен магистранттарға арналған.

 

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ

aqtobegazeti.kz