Понедельник, Март 20, 2023
Басты > Жастар саясаты > «Жұбановшылар бастамалары» байқауы басталды

«Жұбановшылар бастамалары» байқауы басталды

Бүгін «Жұбановшылар бастамалары» гранттық қолдау байқауына қатысушыларды оқыту басталды. Байқауға қатысуға тоғыз  команда өтінім берді. Бір апта ішінде Жұбанов университетінің студенттік ұйымдарының өкілдері бюджетті жоспарлау, топ құру, БАҚ-пен жұмыс жасау және тағы да сол сияқты әдістерді үйренетін болады.

Оқудан кейін студенттер азаматтық ұстаным және рухани-адамгершілік тәрбие, эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық тәрбие, дене шынықтыру және студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, экологиялық және еңбек тәрбиесі бағыттары бойынша өз жобаларын әзірлеумен айналысады. Байқау қорытындысында жеңімпаз атанған команда  1 млн. теңге ие болады.

Еске салсақ,  «Жұбановшылар бастамалары» байқауы  аталған оқу орнының жастар саясаты департаменті мен  студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру, жастардың қоғамдық белсенділігін қолдау, әлеуметтік маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін тәжірибе жинау және республикалық, халықаралық гранттық қолдау жобаларына қатысу мақсатында өткізіліп отыр.