Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жүлдемен оралды

Жүлдемен оралды

Жұбанов университетінің «Шамшырақ» командасы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің базасында өткен 5В011400 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XII Республикалық студенттердің пәндік онлайн олимпиадасына  қатысты.

Білім сайысы «Таныстыру», «Зияткерлік» және «Абай әлемі және бүгінгі қоғам» тақырыбындағы  үш турда өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар  «Капитандар сайысы» мен екінші кезеңде «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бойынша шығармашылық challenge  тапсырмаларын орындады, ал үшінші кезеңде үй тапсырмасы бойынша «Абай әлемі және бүгінгі қоғам» тақырыбында ғылым жобалар байқуында сынға түсті.

Алғашқы турда университеттің «Шамшырақ» тарихшылар командасы олимпиада барысында білім ордасының өзіндік ерекшеліктері мен жетістіктерін формада таныстырды. Сондай-ақ, Батыс аймағындағы киелі жерлердің тарихын арнайы маршурттармен challenge ретінде көрсетті. Білім сайысында команда мүшелері берілген барлық сұрақтарға тосылмай толық, әрі нақты жауап берді.

«Шамшырақ» командасының «Абай шығармашылығы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаев саясатының сабақтастығы» тақырыбында даярлаған ғылыми жобасы әділқазылар тарапынан да жоғары бағаланды.

Білім сайысының барлық турларында «Шамшырақ» командасы жақсы нәтижелер көрсетіп, олимпиаданың негізгі екі көрсеткіші бойынша да жүлделі орындарды иеленді. Жалпы командалық есепте жүлделі  3 орынды «Шамшырақ» командасы иеленсе, жеке көрсеткіш бойынша команда капитаны  Айгерім Байкулова жүлделі 3 орынды еншіледі.

«Шамшырақ» командасы мен  жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыгүл Аликулованы құттықтаймыз!