Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Тәуелсіздік — ең бағалы құндылық

Тәуелсіздік — ең бағалы құндылық

Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласына орай «Егемендік — елдік пен мемлекеттіліктің арқауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының үгіт-насихат тобының мүшелері, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.

Дөңгелек үстелді жүргізген «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нұрхан Ағниязов Президенттің мақаласы биылғы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жүзеге асырылатын шараларды жүйелеп, міндеттерді айқындап берген туынды екенін жеткізді. Сондай-ақ ол биылғы мерейтойлық іс-шараларға Қазақстан халқы Ассамблеясы белсене атсалысатынын атап өтті.

Шарада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қоғамдық-саяси пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Балжан Дәулетиярова,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің құқықтану кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Асыл Смағұлова, «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе филиалының директоры Шахбаз Джамалов, т.б. баяндама жасап, ел тәуелсіздігінің қалыптасу тарихының кезеңдері мен егемендік алғаннан кейінгі Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері туралы айтып берді.

Шара соңында этномәдени бірлестіктердің өкілдері тәуелсіздік жылдарындағы Ассамблеяның рөлі туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Д.ҚАЗИХАН

 

aqtobegazeti.kz