Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет профессоры үздіктер қатарында

Университет профессоры үздіктер қатарында

Жұбанов университетінің «Физика» кафедрасының профессоры Игорь Спивак-Лавров Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің байқауының нәтижесі бойынша 150 жеңімпаздың арасында жоғары оқу орындарының үздік 10 оқытушысының қатарына енді.

Игорь Спивак-Лавров Жұбанов университетінде 50 жыл бойы жүздеген мамандар мен олимпиада жеңімпаздарын дайындады.

Ғалымның еңбектерінің арасында 250-ден астам ғылыми басылымдар, физика оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдар бар.

Айта кетейік, физика-математика ғылымдарының докторы  Игорь Спивак-Лавров «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы — 2020» атағына екінші  мәрте ие болды. «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2020» атағына ие болған 7 оқытушының төртеуі физика-математика факультетінің ғалымдары.