Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Президент: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі

Президент: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той», деп жазды Президент.