Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дұрыс таңдалған мамандық болашақтың жарқын кепілі

Дұрыс таңдалған мамандық болашақтың жарқын кепілі

Жұбанов университетінің Кәсіби бағдар беру және қабылдау комиссиясы Ақтөбе облысы мен республиканың мектеп бітірушілері үшін бірқатар кездесулер ұйымдастырды.

Университет өкілдері Қызылорда облысының Қазалы және Қармақшы аудандарының оқушыларымен онлайн режимде кездесті. Онлайн кездесуде университет өкілдері болашақ студенттерге ҰБТ тапсыру ережелері, білім беру бағдарламалары мен  университет жобалары туралы әңгімеледі.

Университеттің  әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Нұржан Бердыбаев оқу процесінде  берілетін мүмкіндіктер  туралы баяндап, мамандық таңдау мәселесіне жауапкершілікпен қарауды алға тартты.

Ойыл ауданы, Қараой ауылының мектеп бітіруші түлектерімен  кездесуде педагогика факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жандарбек Иманчиев  сұранысқа ие мамандықтар мен мамандық таңдау туралы  өз тәжірибесімен бөлісіп, түлектерге сәттілік тіледі.