Понедельник, Март 20, 2023
Басты > Жаңалықтар > Ферроқорытпа өндірісі бойынша білімді жетілдіру

Ферроқорытпа өндірісі бойынша білімді жетілдіру

2020-2021 оқу жылындағы педагогикалық және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру мақсатында Университетке шетелдік ғалымдарды тарту мәселесі қойылған болатын.

Осы қойылған мақсат бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Техникалық факультетІ “Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі” кафедрасына Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласындағы Ресей Ғылым Академиясы Орал бөлімшесі Металлургия институтының техника ғылымдарының докторы Заякин Олег Вадимовичпен келісім жасалған болатын. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік ғалым, Металлургия мамандығының магистранттарына “Ферроқорытпалар өндірісі” бойынша онлайн дәрістер оқып, өз тәжірибесімен, білімімен бөлісіп жатыр.

Шетелдік ғалымдар тарту мәселесі қашанда ұтымды және жемісті шешімдердің қатарынан болмақ, өйткені білім алушы болашақ мамандарға ғылым жолында үлкен жетістіктерге жеткен ғалымнан сабақ алу үлкен қызығушылық тудыратыны белгілі. Заякин Олег Вадимовичтің дәрістеріне магистранттар ерекше құлшыныспен қатысып, сапалы біліммен сусындап жатыр десек артық айтпаймыз.