Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Аудан түлектерімен кездесті

Аудан түлектерімен кездесті

Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарда  өзін-өзі анықтауы  — білім берудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Оны шешу әр адам үшін де, қоғам үшін де маңызды.

Бұл ретте Жұбанов университетінің Кәсіби бағдар беру және қабылдау комиссиясы бөлімінің мамандары Ақтөбе облысы аудандарының түлектерімен бірқатар кездесулерді жалғастырды.

Мұнда Мәртөк және Әйтеке би аудандарының 11 сынып оқушылары үшін онлайн кездесулер өткізілді.

Ашық диалог барысында түлектерге дайындық бағыттары, Жұбанов университетіне оқуға түсу ережелері, сондай-ақ ҰБТ-2021 тапсыру ережелері туралы кеңестер берілді.

Оқуға түсу бойынша төмендегі телефондарға хабарласа аласыз:

8 7132 54 39 74

8 747 518 35 83